• Байқау туралы жалпы ақпарат

    «Turkvizyon» - халықтық дауыс берудің әділдігі мен қорытындының ашық болу принціпін таңдаған, саяси, кәсіби қысымнан тәуелсіз бірінші музыкалық байқау. «Turkvizyon» - заманауи эстрадалық әннің теңдессіз байқауы, қатысушылар жағрафиялық бөлініске қарап емес, шығу тегіне байланысты қатысады. Байқауғаға жер шарындағы түркітілдес кез келген азамат қатыса алады.

«Орда» тобы «Turkvizyon-2015» халықаралық ән байқауында Қазақстан Республикасының намысын қорғайды

Естеріңізге сала кетсек,  6 қараша күні, Астанада,  «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирде Turkvizyon-2015 ән байқауының Ұлттық іріктеуінің жеңімпазы анықталады.

Байқауда қазақстандық танымал өнер майталмандары мен шоу-бизнес өкілдері қазылық етіп және қазақстандықтардың смс-дауыс беруінің нәтижесінде, үшінші халықаралық «Tukvizyon-2015» ән байқауының финалында өнер көрсететін  үздік ән мен орындаушы анықталды. Қазақстан сахнасында 15 жылдай өнер көрсетіп келе жатқан «Орда» тобы «Олай емес» атты әнмен жеңіске жетті.

Байқау талаптарына сәйкес орындалатын ән бұрын Түркі халықтарының тілінде еш  жерде орындалмаған жаңа ән болуы керек. Байқаудың Гранд-финалы Түркияның Стамбул қаласында өтеді.

Естеріңізге сала кетсек, «Turkvizyon» байқауының шарты бойынша додаға еш жерде жарық көрмген, жаңа түркітілді әндер қатыса алады. Әр жыл сайын байқау Қазақстанға көптеген хит әндерді жарыққа шығаруда. «Turkvizyon-2015» Ұлттық іріктеуінің финалына қазақ тіліндегі жаңа әндердің орындаушылары жолдама алды. Олар: Ардақ Алекешев, Альбина Оганесян, Азамат Бекбергенов, «Арай» тобы, AIBOO, Бауыржан Ретбаев, Бейбіт Көшқалиев, Гүлмира Жұмабекова, Диас Аблаев, Ерген Айтымбетов, «Индиго» тобы, Қамар сұлу, Мархаба Сәби, «Орда» тобы, Райым Уайыс, Руслан Бердиматов, Рүстем Жүгінісов,  «Сарын» тобы және Ханайым.

«Turkvizyon-2015» Ұлттық іріктеу финалының қазылар алқасының құрамында Астана қаласы мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов, әнші, «Turkvizyon-2014» Халықаралық түркітілді ән байқауының жеңімпазы Жанар Дұғалова, сазгер Арман Дүйсенов, сазгер Ренат Гайсин, ақын Қалқаман Сарин, «Хабар» агентігі» АҚ Бас продюсері Ринат Думанұлы болды.

 

«Turkvizyon-2015» Үшінші Халықаралық ән байқауының
Ұлттық іріктеу финалистері анықталды

Қазақстан бойынша байқаудың  ресми сайтына ел намысын халықаралық додада қорғауға ниет білдірген сексеннен астам қатысушының өтініші келіп түсті. Нәтижесінде байқау сарапшылары бір ауыздан 19 финалистің есімін анықтады.

Сонымен, «Turkvizyon-2015» Халықаралық ән байқауының Ұлттық іріктеуіне жолдама алған өнерпаздар:

  • Ардақ Алекешев
  • Альбина Оганесян
  • Азамат Бекбергенов
  • «Арай» тобы
  • AIBOO
  • Бауыржан Ретбаев
  • Бейбіт Қошқалиев
  • Гүлмира Жұмабекова
  • Диас Аблаев
  • Ерген Айтымбетов
  • "Индиго" тобы
  • Қамар сұлу
  • Мархаба Сәби
  • "Орда" тобы
  • Райым Уайыс
  • Руслан Бердиматов
  • Рүстем Жүгінісов
  • "Сарын" тобы
  • Ханайым

2015 жылдың 6 қарашасында Үшінші Халықаралық «Turkvizyon-2015» ән байқауының Ұлттық іріктеуінің финалы өтеді. 2015 жылы ұйымдастырушылар байқаудан жаңа хит әндер мен жаңалықтар күтеді. 6 қараша күні,  Астанада,  «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирде Turkvizyon-2015 ән байқауының Ұлттық ірітеуінің жеңімпазы анықталады. Халықаралық дәрежедегі ән байқауының Гранд-финалы Түркиның Стамбул қаласында өтеді. 

 

«Turkvizyon-2015» байқауын өткізу жүйесі туралы

2015 жылдың 6 қараша күні, Астанада, Бейбітшілік және Келісім сарайында Үшінші Халықаралық «Turkvizyon-2015» ән байқауының Ұлттық іріктеуінің финалы өтеді.

25 қазанға дейін Қазақстандағы www.turkvizyon.kz ресми сайтына қатысам деуші өнерпаздар өз өтініштерін жібере алады. Қазақстандық танымал өнер майталмандары мен шоу-бизнес өкілдері қазылық етіп, Стамбул қаласында өтетін халықаралық «Tukvizyon-2015» ән байқауының финалында өнер көрсететін  үздік әнді  анықтайды. Байқау талаптарына сәйкес орындайтын ән, бұрын Түркі халықтарының тілінде еш  жерде орындалмаған жаңа ән болуы керек.

2015 жылы ұйымдастырушылар байқаудан жаңа хит әндер мен жаңалықтар күтеді. 6 қараша күні, Астанада,  «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирде Turkvizyon-2015 ән байқауының Ұлттық ірітеуінің жеңімпазы анықталады. Халықаралық дәрежедегі ән байқауының Гранд-финалы Түркиның Стамбул қаласында өтеді.

«Turkvizyon-2014» ән байқауының Ұлттық іріктеу кезеңі Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізіледі.

 

 

 

 

 

Байланыс

Тел: +7 (727) 255 89 90

Моб: +7 702 512 45 26

        +7 707 339 40 90

        +7 701 953 25 56

E-mail: adammediagroup@gmail.com